Атырау, 9 қазан 02:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

ЖРВИ маусымы әдеттегіден ерте басталды

1 629 просмотра

Атыраудағы жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері қараша айында шақыртулар санының едәуір өскенін атап өтті. Демалыс күндері қоңыраулар саны 1500-ге жетсе, жұмыс күндері 1200-ге жуық қоңырау түседі екен.

Шақыртулардың көбеюі бір апта бұрын басталды. Бұл қараша айына тән емес, мысалы, былтыр мұндай жағдай байқалмады. Бізде жіті респираторлық аурулар мен тұмау әдетте қаңтар-ақпан айларында көбейеді. Көп науқас қызуға және ЖРВИ белгілеріне шағымданады. Негізінен бұл 5 жасқа дейінгі балалар, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз БАЙМОЛДАЕВА.

Оның сөзін инфекционистер растап отыр. Олар әдетте ЖРВИ-дың маусымдық өршуі желтоқсанның ортасында басталатынын және биыл ауру ертерек байқалғанын айтады. Қазірдің өзінде қабылдау бөлмесіне күніне 110-120 науқас келеді, көбі учаскелік дәрігерге бармайды. Оның ішінде 25-30 адам ауруханаға жатқызылады. 

– Балаларды емдеп, ауруханадан шыққан соң үйлеріне учаскелік дәрігерлердің бақылауына жібереміз. Бізде бұл тізбек жалғасын таппайды екен, емделгеннен кейін науқастарға дұрыс көңіл бөлінбей қалады. Көп бала ауруханаға кері түсіп жатады. Өйткені, аурудан кейін сәбилердің иммунитеті әлсіреп қалады. Ал отбасындағы үлкен балалар балабақша мен мектептен әкелетін инфекцияларды олар ағзасына екінші рет оңай жұқтырып алады. Қазір бізде бір жасқа дейінгі және одан асқан балалар да, жүкті әйелдер де көп, – дейді Атырау облыстық №2 ауруханасының (Нұрсаядағы жұқпалы аурулар ауруханасы) бөлім меңгерушісі Әсия СЕЙДЕШОВА.

Ақбота Төребектің айтуынша, ұлының дене қызуы көтеріліп, мазасыздана бастаған, кейін бір жас 10 айлық сәби дел-сал, ұйқышыл боп кеткен: 

– Ол ішіп-жеуді қойды, тек ұйықтай беретін. Қорқып, жедел жәрдем шақырдым. Дәрігерлер бізді жұқпалы аурулар стационарына алып келді. Алдымен оны «фильтрге» орналастырды. Рентген пневмония екенін көрсетті, бірақ ковидке арналған ПТР сынағы, бағымызға орай, теріс шықты. Осыдан кейін бізді жоғарыға жіберіп, емдеуді бастады. Қазір баланың жағдайы жақсы, тәбеті ашылды, көңіл-күйі жақсарды. 

Дәрігерлер былтыр карантин шараларының маусымдық аурулардың алдын алуға көмегі болды деп санайды. Ал бұл биыл да тұрғындар өздерін және отбасын күтіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде киіп, жұқпалы ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігермен кеңесіп, дер кезінде ем алуды бастауы керек деген сөз. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті баспасөз қызметі ұсынды 

№2 Атырау облыстық ауруханасы 

26 қараша 2021, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.