Атырау, 9 қазан 02:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атыраулық кәсіпкер Қытайға 2,9 АҚШ долларын өткізбек болған

1 650 просмотра

Атырауда бір компанияның директоры Қытайға 1 млрд 200 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз өткізбек болған. Оған 1,3 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ҚХР тумасы Цуй Цуньде "Монтаж-01" ЖШС-нің Атырау филиалы атынан "Beijing True Fortune International Trading Co., LTD" компаниясымен "Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы" бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсету үшін жалған мәміле жасаған. Шындығында, ол үшін консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген.

Осылайша, Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын шығару бойынша заңсыз әрекеттің жолы кесілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қараша 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.