Атырау, 9 қазан 02:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 13 адам Covid-19 жұқтырған

1 347 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 13 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 7 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 адам, Исатай ауданында - 1, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 2 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 10 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 3 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 52 адам емделді.

Қазір 136 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 71, аудандық инфекциялық стационарларда - 25. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 24 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

26 қараша 2021, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.