Атырау, 27 сәуір 04:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Баласын өлтірген әйел есі дұрыс емес деп танылды

2 116 просмотра

Атырауда төрт айлық баласына 38 пышақ жарақатын салған әйелге қатысты үкім шықты. Сот үкімімен сотталушы қылмыс жасаған кезде өз іс-әрекетін түйсінбеген деп, оны психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу жазасына кесті.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс екі айдан астам уақыт қаралды. Сотта 42 жастағы әйелдің параноидтық шизофрениямен ауырғаны және қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмағаны дәлелденді. Сот үкімін тыңдауға әйелдің туыстары келмеді, ал күйеуі үкімді желіде тыңдады. Әйел психиатриялық орталыққа жатқызылды.

- ҚР ҚК-нің 16-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Оны мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын, - деп үкім шығарды судья Зарема ХАМИДУЛЛИНА.

Бұдан бұрын «АЖ» 4 айлық ұлын тастаған анаға қатысты соттың басталғанын хабарлаған болатын. Ол баланы қатты жылағандықтан өлтіріп тастаған. Туыстары сәби қырық күнге толғанда әйелдің оғаш қылығын байқаған.

Фархат АБИЛОВ

25 қараша 2021, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.