Атырау, 29 наурыз 13:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау жолдарының сапасы: 300-ге жуық ақау анықталды

1 647 просмотра

Жыл басынан бері Атырау жолдарынан 272 ақау анықталды. Оның 207-сі республикалық тас жолдардан, ал 65-і жергілікті маңыздағы жолдардан белгілі болған.

Қаңтар мен қараша аралығында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары республикалық жолдардың сапасын 711 (қыста - 18) рет, ал жергілікті жолдарды 164 рет тексерген. Жолдардан анықталған 207 ақаудың 64-і жойылған. Жергілікті жолдардағы 65 ақаудың 16-сы жойылған. Мәселен, Қызылқоға ауданы Жамансор елді мекеніндегі  №1 көшеде және №8 көшеде жол жамылғысы отырғаны анықталған. 

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы директор Бекбол МҰҚАШОВТЫҢ мәліметінше, жыл басынан бері жол құрылысына қолданылған материалдардан 1166 сынама алынған. Арнайы зертханада сынақтан өткізілді.

- Нәтижесінде республикалық жолдардан алынған 15 жол құрылыс материалының ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Ал, жергілікті жолдардан алынған 103 материал стандартқа сәйкес келмейді, - дейді ол.

Анықталған ақаулар бойынша Атырау облыстық мемлекеттік сәулет және  құрылыс басқармасына 7 ұсыным-хат жолданды. 2 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 айға тоқтатылып, 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АФ ұсынған сурет

25 қараша 2021, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.