Атырау, 24 қараша 23:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Швеция премьер-министрі сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті

2 091 просмотра

Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясының жетекшісі Магдалена Андерсон жасылдардың үкіметтен кету туралы шешімінен кейін, елдің премьер-министрі болып сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Швецияның жаңадан сайланған премьер-министрі Магдалена Андерсон парламенттік дауыс беру кезінде премьер-министр болып сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті", - деді радиостанция.

Сәрсенбіде Швеция Үкіметінің бюджет жобасы швед риксдагында (ел Парламентінде) өткен дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауысқа қол жеткізе алмады, депутаттардың көпшілігі оппозиция ұсынған жобаны қолдады.

Осыдан кейін Қоршаған ортаны қорғау партиясы Швециядағы азшылық үкіметінен тұратын коалициядан шыққанын айтты.


25 қараша 2021, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.