Атырау, 20 сәуір 17:45
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау облысында бір тәулікте 17 адам Covid-19 жұқтырған

1 488 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 17 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 11 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 1 адам, Қызылқоға ауданында - 3, Құрманғазы ауданында - 2 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 6 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 8 адам емделді.

Қазір 166 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 76, аудандық инфекциялық стационарларда - 28. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 26 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

25 қараша 2021, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.