Атырау, 3 желтоқсан 00:05
 ашықВ Атырау +2
$ 434.16
€ 493.29
₽ 5.81

Саудада ​«Сарайшық» пен «Забурынды» жеңімпаздар қиналмай алды

825 просмотра

Энергетика министрлігі 18 тамызда жарияланған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Inbussiness.kz тілшісі.

Үш ай бұрын жарияланған аукционда сатылымға 14 кеніш қойылған болатын. Сол кеніштерді игеру құқығына ие болған компаниялардың тізімі жарияланды. 

Нақты айтсақ, Маңғыстау облысындағы Нұрманов учаскесін барлау және өндіру құқығына иелік етудің бастапқы құны 8 751 000 теңге деп қойылған еді. "КазТрансНефть" ЖШС нысанды 17 091 796 теңгеге сатып алды. 

Осы Маңғыстау облысындағы Алашаңтақыр учаскесі 37 921 000 теңге қойылып, аукцион қорытындысы бойынша "Люминор групп" ЖШС 59 375 000 мың теңге сатып алды. 

Ал 8 751 000  теңгеге қойылған Қызылорда облысындағы Бектас учаскесі "Казнедрапроект" ЖШС-ға 17 091 796,88 теңгеге сатылды. 

Қызылорда облысындағы тағы бір кеніш – Оңтүстік Қоныс учаскесінің құны бастапқы 37 921 000 теңгеден 47 401 500 теңге дейін көтерілді. Жеңімпаз – "BK Engineering" ЖШС. 

Қызылорда облысындағы Батыс Нұралы учаскесін "Oil Tolling Capital" ЖШС 10 939 000 теңгеге сатып алды. Оның бастапқы құны 8 751 000 теңге болатын.

Қызылорда облысындағы Қоныс учаскесі 37 921 000 теңгеге қойылып, 71 102 812 теңгеге сатылды. Жеңімпаз – "Сapital Resources" ЖШС. 

Атырау облысындағы Сарайшық учаскесін "Sapatek Munay" ЖШС 74 650 000 теңгеге сатып алды. Бұл нысанның бастапқы бағасы 74 646 030 теңге еді. Яғни о бастағы бағасынан 4 000 теңге ғана қымбаттаған.

Аталмыш облыстағы Забурын учаскесі де бастапқы бағасы – 69 745 470 теңгеден 4 000 теңге қымбатқа сатылды. Жеңімпаз – "Сарайшык Petroleum" ЖШС. 

Атырау облысындағы тағы бір нысан – Қарашағыр учаскесі 8 751 000 теңгеге қойылып, "Enerplus" ЖШС 477 819 202,19 теңгеге сатып алды. 

Тағы осы облыстағы Атанат учаскесі 8 751 000 теңгеге қойылып, HTS Exploration Ltd жеке компаниясы 635 977 358,12 теңгеге сатып алды. 

Ал Ақтөбе облысындағы Алашқазған  кен орны 54 603 000 теңгеге сатылымға шығарылып, 224 609 658,91 теңгеге өтті. Құқық иесі – тағы да HTS Exploration Ltd жеке компаниясы. 

Ақтөбе облысындағы Құраша учаскесі бастапқы құнына сатылды (8 751 000 теңге). Барлау және игеру құқығын "Kurasha Petroleum" ЖШС жеңіп алды. 

Түркістан облысындағы Шақпақ учаскесі бастапқы  құнынан (8 751 000 теңге) 10 мың теңгеге қымбаттап, 8 761 000 теңгеге сатылды. Құқық иесі – "Karatau Munai" ЖШС. 

Павлодар облысындағы Прииртышский учаскесін де бастапқа бағасынан қымбатқа ала қоятын адам табылмады. "Ертіс Ойл энд Газ" ЖШС бұл кенішті барлау және игеру құқығын 51 047 500 теңгеге сатып алды. 

Аукционның аталмыш жеңімпаздары кеніштерді игеру кезінде мына шарттарды мүлтіксіх орындауға міндет алып отыр: 

1.Өндіру кезеңіндегі қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығыстар мөлшері алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының 1%-ынан кем болмауы керек. 

2.Өндіру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының 1%-ынан кем болмауы керек. 

3.Өндіру кезеңіндегі өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялардың 1%-ынан кем болмауы керек. 

4.Жергілікті қамту жөніндегі ең төмен міндеттемелер жұмыстар бойынша 50%-дан кем емес, көрсетілетін қызметтер бойынша –50%-дан кем емес, тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз үлесі бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша 50%-ды, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша 80%-ды, мамандар бойынша 90%-ды, білікті жұмысшылар бойынша 100%-ды құрауға тиіс. 

5.Барлау кезеңінің ұзақтығы қатар келетін алты жылдан, не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша тоғыз жылдан аспайды немесе дайындық кезеңінің ұзақтығы үш жылдан аспауы керек.

23 қараша, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.