Атырау, 9 қазан 05:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 28 адам Covid-19 жұқтырған

1 719 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 28 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 20 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды, Жылыой ауданында  - 1, Индер ауданында  - 3, Құрманғазы ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 21 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 28 адам емделді.

Қазір 136 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 90, аудандық инфекциялық стационарларда - 22. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 33 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

18 қараша 2021, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.