Атырау, 9 қазан 05:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Мал ұрылары қатаң жазадан қорықпайды

1 733 просмотра

«Мал ұрысы» іс-шарасы барысында Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі рет мал ұрлады деген күдікпен 51 жастағы ер адамды ұстады.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол биыл қаңтар айында жайылымнан 6 бас сиыр ұрлап, тамыз айында тағы бір бас ірі қараны ұрлап кеткен. Ұрланған мал басқа қыстауларға сатылған. Мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-тармағы («Бірнеше рет жасалған мал ұрлығы») бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ атап өткендей, мал көбіне жайылымда иесінің қарауынсыз қалып, ұрылардың оңай «олжасына» айналады.

Атырау облысында 15-24 қараша аралығында «Мал ұрысы» іс-шарасы өтуде. Алғашқы екі күннің өзінде 60-қа жуық құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жануарлар мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың 7 фактісі анықталып, құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына («ҚР ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу») сәйкес, (29 170 теңге) 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Малды иелерінің немесе олардың уәкілетті тұлғаларының қадағалауынсыз жаюдың 39 фактісі анықталып, құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына («Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу») сәйкес бірінші рет ескерту жасалды. Іс-шара нәтижесінде мал ұрлаған қылмыстық топ (2 адам) және тағы 4 күдікті анықталып, ұсталды. Бұдан басқа, полицейлер қыстақтардың бірінде тіркелмеген аңшы мылтығын тапты. 

Айнұр САПАРОВА

17 қараша 2021, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.