Атырау, 9 қазан 06:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Құлсарыда Құрсай арқылы өтетін тағы бір көпір салынуда

Сурет Бейнежазба
1 668 просмотра

Жылыой ауданы Құлсары қаласында Құрсай өзегі арқылы өтетін тағы бір көпір құрылысы басталды, сонымен қатар орталық Махамбет атындағы даңғылдың жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты.  

Құлсарыда жыл сайын автокөлік саны көбейіп келеді, сондықтан Құрсай өзегінен өтетін тағы бір көпір артық болмайды. Бірнеше жылдан бері талқыланып келген қосымша көпір салу ісі биыл өз шешімін тапты.  

- Құрсай өзегі бөліп тұрған Нұрманов-Сариев көшелеріне автомобиль көпірін салу үшін сметалық жобасы сараптамадан өткеннен кейін құрылысқа бюджеттен 700 млн теңге қарастырылған. Көпірдің ұзындығы 80 метр және 210 метр кірме жолдары қарастырылған, - дейді аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Еркебұлан АҚҚҰСОВ. - Құрылыс мердігері «Казкомсервис» ЖШС, ал мерзімі - 7 ай.  

Құрылысы 2019 жылы басталып, қалып қойған қаланың негізгі орталығы болып саналатын Махамбет даңғылындағы жолды жаңғырту жұмысы қайта жалғасты. Бұрынғы мердігер «Жаңа түбек» ЖШС  2,5 шақырым жолды қырып тастаумен ғана шектелді. Ал аудандық ТКШ  бөлімі игерілмеген қаржыны даулай алмады.

Биыл осы жолды жаңғырту жұмысына 655 млн теңге бөлінді. Жаңа мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС 21 мың шаршы метрге асфальт жабындысын төсеген. Жалпы құрылыс 10 ай ішінде аяқталуы тиіс.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

17 қараша 2021, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.