Атырау, 9 қазан 06:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Заң бұзушылықтар хроникасы

1 587 просмотра

«Браконьер» профилактикалық іс-шарасы барысында Исатай АПБ қызметкерлері Атырау-Астрахан трассасында Арменияда тіркелген Toyota Ipsum көлігін тоқтатты. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру кезінде жүксалғыштан 393 келі қара балық табылып, тәркіленді. 28 жастағы Құрманғазы ауылының тұрғынына қатысты материал ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы («Жануарларды заңсыз иемдену, алып өту, сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

* * * * * *

15 қараша күні кешкі сағат 20.00-де «Сарайшық» базарының маңында «ВАЗ-21112» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 1983 жылы туған ер адамды қағып кетті. Зардап шегуші ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

* * * * *

31 қазанда сағат 20:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына бір әйел қоңырау шалып, Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан BMW маркалы көлігін айдап кеткенін хабарлаған. Патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті 15 минуттың ішінде Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан кафелердің бірінің алдынан тапты. Орал тұрғынына тиесілі көлікті 48 жастағы қала тұрғыны ұрлап кеткен боп шықты. Сараптама оның орта дәрежелі масаң күйде болғанын көрсетті. ҚР Қылмыстық Кодексiнің 200-бабы бойынша («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

* * * * *

Құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын ата-аналарды анықтау және есепке алу бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 10 айда 31 кәмелетке толмаған және 89 қолайсыз отбасы тіркелді. Бұдан басқа, жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз үйлерінен тыс жерде жүрген 1600-ден астам кәмелетке толмағандарды анықтады. Ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

* * * * *

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына («Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары») сәйкес, жалпы сомасы 1 млн 484 мың теңге төленбеген айыппұлы бар 18 көлік айып тұрағына жолданды. Оның 17-сі Ресейде және 1-еуі Арменияда тіркелген. Мәселен, 8 қараша күні сағат 13:30 шамасында полицейлер Жұмыскер ықшам ауданында Ресей Федерациясында тіркелген Lada Priora көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің 615 мың 784 теңге көлемінде айыппұлы төленбегені анықталды. 

* * * * *

«Шетелдік көліктер» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Мәденов көшесінде «ВАЗ-2115» көлігін тоқтатпақ болған, бірақ жүргізуші олардың талабын орындамай, қашып кеткен. Біраз уақыттан кейін көлік «Жұмыскер» ықшамауданында жол-көлік апаты болған жерден табылды. Жүргізуші - 26 жастағы жергілікті тұрғын, көлік Ресейде тіркелген. Жүргізушіге қатысты бірден ҚР ӘҚБтК-нің 7 бабы бойынша – атап айтқанда, маневр жасау ережелерін бұзғаны, «Міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңын бұзғаны, бағдаршамның қызыл түсіне өткені, полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін хаттама толтырылды. Бұдан басқа, оның жалпы сомасы 233 мың теңгені құрайтын төленбеген 11 айыппұлы болған. Көлік айып тұрағына қойылды.

Дайындағандар Айнұр САПАРОВА мен Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қараша 2021, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.