Атырау, 9 қазан 06:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Көктайғақтан көліктер соқтығысты

Сурет
1 716 просмотра

16 қараша күні сағат 11:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолында жол-көлік апаты орын алды. Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі тайғақ салдарынан басқару жүйесін игере алмай, жол жиегінде тұрған Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде Lada Priora көлігінiң жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. 

Осыған байланысты Атырау қаласының Полиция басқармасы жылдамдық режимін, көліктер арасындағы қауіпсіз ара қашықтықты сақтауға және қысқы дөңгелектерді пайдалануға кеңес береді. Ауа райын ескере отырып, ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлаған жөн.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Атырау облыстық Полиция департаменті ұсынған суреттер

16 қараша 2021, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.