Атырау, 24 қараша 02:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шекара қызметінің сержанты Атырауда жезөкшелерге "қамқорлық" еткен

2 267 просмотра

Ақтөбе гарнизонының әскери соты ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкері мен оның үш сыбайласына қатысты үкім шығарды. Ол Өзбекстаннан келген жезөкшелер ұйығына «қамқорлық» еткен.

Аға сержант Атырау әуежайының авиациялық шекаралық бақылау бөлімінде жұмыс істеген. Былтыр қараша айында Атырауда Өзбекстан азаматшасы жезөкшелер притонын ашып, шекарашы оны өз қамқорлығына алған. Атырау базарларының бірінде зергерлік бұйымдар сататын әйел мен Өзбекстанның екі азаматшасы да притонның «құрылтайшысы» болған.

Жезөкшелерді Өзбекстанның түрлі қаласынан әкелген. Пандемияға байланысты Қазақстанның құрлық шекаралары жабылғанына қарамастан, қыздар шекарадан еш қиындықсыз өткен. Аға сержант оларды жеткізуге көмектесіп қана қоймай, клиенттермен туындаған проблемаларды да реттеп отырған. Бұл үшін притон қожайындары оған тұрақты түрде белгілі бір ақшалай сома төлеп отырған. Притон 2020 жылдың қарашасынан бастап, полиция анықтағанша, 2021 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеген.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты төртеуін де ҚР ҚК-нің 309-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша кінәлі деп таныды. ҰҚК ШҚ қызметкері 4 төрт жылға, Өзбекстан азаматшалары 3 жарым жылға, алтын бұйымдарын сатушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Фархат АБИЛОВ

16 қараша 2021, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.