Атырау, 23 мамыр 10:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +25
$ 425.02
€ 450.10
₽ 7.17

Спорт жаңалықтары

1 179 просмотра

Қостанайда таэквондодан Қазақстан Кубогы (GTF нұсқасы) өтті, оған 400-ден астам спортшы қатысты. Атырау құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Әділхан Мейіржан, Бақтыбек Аспанбек, Айбек Демегенов, Матвей Толстов, Дильназ Дүйсенбаева, Дәулетхан Ерланұлы және Қошбай Бекзат кубок иегерлері атанды.

* * * * *

Атырау таэквондо командасы Исламабадта өткен G-1 (WT нұсқасы) санатындағы халықаралық турнирде бірінші орынды жеңіп алды.

Атырау құрамасының қоржынында 6 алтын және бір күміс медаль бар. Айдана Еділбаева, Нұрай Бауыржанова, Жадыра Хайруллина, Нұрай Хусайынова, Жансел Дениз және Айгүл Елубай алтын алқа тақты. Ал Диана Әбсенова жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, Жансел «Турнирдің үздік спортшысы» атанды, ал Атырау құрамасының жаттықтырушысы Сәуле Сардарова үздік деп танылды.

* * * * *

Ыстамбұлда каратэ-до шотоканнан әлем чемпионаты өтті. Оған 30 елден екі мыңнан астам спортшы қатысты.

Мұнда жаттықтырушы Ерікқали Қойшекенов бастаған Атырау құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Жастар арасында Бекхат Сүйінов, ерлер арасында Манас Темірханов, әйелдер арасында Венера Тұрғанова әлем чемпионы атанды.

* * * * *

Атыраулық Әлихан Сейітов Мәскеуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогының жеңімпазы атанды, - деп хабарлады облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлихан 70 келі салмақта халықаралық спорт шебері нормативін орындап, үздік өнер көрсетті. Бек Насихатов пен Мирас Шантасов қола жүлдегер атанды. «Өзін-өзі қорғау» бөлімінде қола жүлдені Бек Насихатов пен облыстың бас бапкері Хайдар Есенғалиев жеңіп алды.

* * * * *

Шымкентте жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті. Атыраулық команда алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алды.

68 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков чемпион атанса, Аманжол Ілияс (75 келіге дейін) күміс, Руфат Аслағұлы (57 келіге дейін) қола жүлдені еншіледі.

* * * * *

Парижде таэквондодан G-1 класындағы «French ECOpen 2021» халықаралық турнирі өтті. Мұнда Атырау намысын қорғаған Жансел Дениз қола жүлде жеңіп алды.

Ол жартылай финалға шығып, Германия өкіліне 16:23:16 есебімен есе жіберіп, нәтижесінде үшінші орын алды. 

* * * * *

Ереванда кикбоксингтен халықаралық турнир өтті. Жарыста әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасындағы жекпе-жектер қамтылды.

Әуесқой спортшылар бөлімінде 4 атыраулық спортшы өнер көрсетіп, бәрі де жеңімпаз атанды: Роман Зубарев (51 келіге дейін), Дастан Амантурлин (71 келіге дейін), Сәлімжан Сәлімгереев (81 келіге дейін) және Аян Жанболатов (91 келіге дейін). Ал Серікжан Сәлімгереев кәсіпқойлар арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты.

* * * * *

Ақмола облысының Степногорск қаласында жастар арасында панкратионнан «Asad Open-2» республикалық турнирі өтті.

Атырау облысының командасы алтын (Мерей Асқабиев), күміс (Теңелбай Жарқын) және қола (Сәлімгерей Парасат) жүлделерді жеңіп алды. 

* * * * *

Нұр-Сұлтанда кикбоксингтен Досымбай Азаматты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған еліміздің 14 облысынан 700-ге жуық спортшы қатысты.

Атырау облысының спортшылары екі алтын алқа жеңіп алды: Убайдолла Нұрлыбекұлы мен Асылжан Жеткіншек жарыс жеңімпазы атанды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қараша 2021, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.