Атырау, 9 қазан 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 19 адам Covid-19 жұқтырған

1 522 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 19 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 16 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас, Махамбет ауданында 1 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 23 адам емделді.

Қазір 168 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 76, аудандық инфекциялық стационарларда – 24, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 33 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

16 қараша 2021, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.