Атырау, 9 қазан 06:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Анталияда қонақүйлер жаппай жабыла бастады

1 451 просмотра
Сурет: Тengrinews.kz

Келесі аптада Түркияның курорттарында көптеген қонақүй жабылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Анталия провинциясындағы 250 төрт және бес жұлдызды қонақүйдің шамамен 90 пайызы қыста жабылады. 

Tisoyab туризм инвесторлары қауымдастығының президенті Хусейн Айдоганның айтуынша, жылдың 12 айында қонақтарға қызмет көрсететін қонақүйлерден басқаларының биылғы маусымы аяқталды. Қалғандары 23 қарашаға дейін жабылады.

Провинцияда жабылатын қонақүйлердің қызметкерлері, яғни 114 мыңның шамамен 80 пайызы 1 мамырға дейін жұмыссыз қалады. Сондықтан Айдоганның айтуынша, басты мақсат - жыл бойы жұмыс істеуге ұмтыла отырып, төмен маусымда туристік бағдарламалар ұсыну.

Қауымдастықтың мәліметінше, биыл курорт пандемияға дейін келген 16 миллион шетелдік туристердің шамамен 35 пайызын қабылдады. Олар мемлекет қазынасын шамамен 4,5 миллиард еуроға толықтырды.

16 қараша 2021, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.