Атырау, 13 қазан 17:05
 дождьВ Атырау +25.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

АИТВ жұқтырғандар азаймай тұр

2 078 рет қаралды

Атырау облысында АИТВ жұқтырған 300-ден астам адам есепте тұр. Оның 284-і Атырау қаласында, 13-еуі Жылыой,  6-уы Индер, 1-уі Исатай,  2-еуі Қызылқоға, 7-еуі Құрманғазы, 2-еуі Мақат, 6-ауы Махамбет ауданында. Жыл басынан бері 32 адам вирус жұқтырған, бұл өткен жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 14 жағдайға көп.  

Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз ТӨЛЕМІСОВАНЫҢ айтуынша, 19 жас пен 62 жас аралығында індеттің құрығына іліккендердің 187-сі ер, ал 134-і әйел адам, оның ішінде 79-ы шетелдіктер.

Мамандардың айтуынша, пациенттердің 80 пайызы вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 қараша 2021, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.