Атырау, 9 қазан 06:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қызылқоғада дәрігер мамандар тапшы

Сурет Бейнежазба
1 614 просмотра

«АЖ» 30 мыңдай халқы бар Қызылқоға ауданында дәрігерлердің өте қат екенін бұдан бұрын жазған еді. Мәселен, мұнда анестезиолог маманы жоқ. Ал жақында хирург та декреттік демалысқа кетіп қалып, екінші хирург осындай демалыстан соң әлі жұмысқа шықпаған. 

- Білмеймін неге екенін, ауданға жас дәрігер мамандар келеді де, көп ұзамай кетіп қалады. Бұрыннан жасап келе жатқан дәрігерлердің алды зейнет жасына баяғыда шығып кетсе де жұмыс жасап жатыр, - дейді Сағыз дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Исламжан ҚОСЖАН. - Сағыз округінде 7014 адам бар, оған Былқылдақты, Қоңыраулы елді мекені де кіреді. Солардың барлығына жауапты болғандықтан мігірсіз еңбек етуге тура келеді. 

Оның үстіне ауданда анестезиолог жоқ деп жүргенімізде хирург те декреттік демалысқа шығып кетті. Соқырішекке ота жасау, болмаса жарақат алғанда бірнеше шақырым жердегі облыс орталығына апарылады. Ал қысылтаяң жедел келген науқасқа өзіміз ем-дом жасауға тура келеді. Жасыратыны жоқ, кейде жүкті әйелдерді де босандырып аламыз. Жуырда ауылда атыс салдарынан жарақат алғандарға көмектескенімізбен хирург болмағандықтан Мақаттан шақыртуға тура келді. 

- Аудан үш күн хирургсыз қалды. Қазір декреттік демалыстағы дәрігер жұмысқа шықты, бірақ ол кез-келген отаны жасамайды, мәселен, соқырішекті балаларға емес, ересектерге ғана жасайды, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Айнұр ТІЛЕМІСОВА. 

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, кезінде Шымкент, Түркістан, Ақтөбе жоғарғы оқу орындарымен келісімшарт жасалғанымен, үш маман түрлі сылтаумен ақыры ауданға келмеген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

15 қараша 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.