Атырау, 9 қазан 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Pfizer препаратын жүкті әйелдер мен балалардан кейін алуға болады

1 525 просмотра

Pfizer вакцинасын алғысы келетін, бірақ осы препаратпен егуге жататындар санатына кірмейтін Атырау тұрғындары өз емханасына хабарласып, өтініш қалдыра алады. «АЖ» сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар СӘДУОВА осылай деп жауап берді.

– Емханаларда резервтік тізім дайындалуда. Вакцинация бірнеше айға созылады. Ең алдымен вакцина әйелдер мен балаларға салынады, содан кейін ғана резервтік тізім бойынша егіледі. Бұл туралы қосымша хабарланады, - деді Ж.Сәдуова.

Еске сала кетсек, Атырау облысында 76 мың жүкті әйел мен 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынады. Бұл вакцинаның бірінші партиясы қазір түсті. 

Айнұр САПАРОВА

15 қараша 2021, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.