Атырау, 9 қазан 07:20
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысының атын жамылып, ақша сұраған

1 758 просмотра

Батыс Қазақстан облысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАНЫҢ атын жамылған алаяқтар оның танысынан 300 мың теңге алмақ болған. 

- Алаяқ телефон арқылы өзін Мәншүк Аймұрзиевамын деп таныстырып, түзету колониясында екенін айтып, есепшотына 300 мың теңге аударуды сұраған. Әйел сасқалақтамай, Аймұрзиеваға өзі телефон соғып, содан соң мұның алаяқтық екені белгілі болады. Аймұрзиева полицияға арыз түсірді. Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті анықталды. Олардан жауап алынды. Күдіктілер Аймұрзиевамен таныс болмаған. Әзірге бұлтартпау шарасы алынған жоқ, тергеу әрекеттері жалғасуда, - деп хабарлады БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуандық АЛПЫС

Еске сала кетсек, былтыр Мәншүк Аймұрзиева ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық») бойынша сотталған болатын. Сот оны 5 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. 

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

12 қараша 2021, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.