Атырау, 9 қазан 07:28
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 28 адам Covid-19 жұқтырған

1 461 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 28 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 19 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды, Исатай ауданында - 2,  Құрманғазы ауданында  - 2, Мақат ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 22 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 6 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 13 адам емделді.

Қазір 171 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 93, екінші облыстық ауруханада – 3 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 16. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 40 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

12 қараша 2021, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.