Атырау, 9 қазан 06:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Жұлдызды аспан" ақыры жанбады

2 269 просмотра

Құлсары қаласында Махамбет даңғылының бойында «Жұлдызды аспан» деп аталатын мың құбылып, жарқ-жұрқ етіп тұратын сәндік құрылғының жарық шамдары өшіп қалып, ақыры жоқ болып тынды.

- 2018 жылы қаланы көріктендіру мақсатында Құлсары қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Атырау» филиалы жалпы сомасы 119 млн 889 мың теңгеге келісім шарт жасақтады. Жасалатын жұмыстардың ішінде "Қазақстан" панносы, безендіру шамдары, "Жұлдызды аспан"  сәндік жарықтандыруы қарастырылған, - дейді қала әкімінің орынбарсары Қадыржан АДИНОВ. Пайдалануға бергеннен кейін жылға жетпей істен шыққан светодиодтық шамдарды кепілдеме мерзімі біткенше медігер қайта жасақтап беріп отырды. Кейін бұл шамдарды балансқа алған мекеме де қайта-қайта шамдарын жөндегенімен, "Жұлдызды аспан"  шамдары жанбады. 


"АЖ"-ға белгілі болғандай, бүгінде ол құрылғыны мүлдем алып тастады. Ал оған жұмсалған 20 миллион теңге суға сіңгендей босқа кетті.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

15 қараша 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.