Атырау, 20 сәуір 14:47
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Семей тұрғыны «қашықтан» атыраулықтардың қалтасын қаққан

2 036 просмотра

«Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Атырау тұрғындарына қатысты бірнеше рет интернет алаяқтығын жасаған семейлік күдіктіні анықтады.

Бұл банк сайты арқылы атыраулық жәбірленушілердің атынан онлайн несие рәсімдеген 29 жастағы Семей қаласының тұрғыны. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол микроқаржы ұйымдары арқылы интернеттен кездейсоқ адамдардың жеке деректерін тауып, бірнеше ай бойы олардың атынан онлайн несие рәсімдеген. Несие мақұлданған соң ақшаны «Kaspi Bank», «Halyk bank» банкоматтары арқылы алған. Атырау полицейлері материалдарды семейлік әріптестеріне беріп, ол жерде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

11 қараша 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.