Атырау, 5 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық алаяқ «Теңізге жұмысқа кіргіземін» деп алдаған

2 590 рет қаралды

31 жастағы Атырау тұрғыны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының алты тұрғынын Теңізге жұмысқа кіргіземін деп алдап кеткен. Есепшотына жалпы сомасы 450 мың теңге алған алаяқ уәдесін орындауды ойына да алмаған.

8 қарашада зардап шеккендердің арызын Бейнеу АПБ Атырау қалалық полиция басқармасына жолдаған.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ұсталды. 3-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бабының 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 қараша 2021, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.