Атырау, 9 қазан 07:22
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Шекара маңында жеке куәліксіз жүрмеңіз

1 559 просмотра

Қарашаның 10-ы күні Құрманғазы ауданы Жыланды ауылдық округінің төрт тұрғынына «шекара режимін бұзғаны үшін» айыппұл салынды. Олар шекара сызығынан бір шақырымдай жерден жеке басын куәландыратын құжатсыз малдарын іздеген. Құжаттарының болмауы әкімшілік жазаға себеп болған.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті төртеуіне де ҚР ӘҚБтК-нің 510-бабы («Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу») бойынша хаттама толтырды, айыппұл 5 АЕК (14 585 теңге) құрады.

- Құрманғазы ауданы Ресеймен шектеседі, бірақ жергілікті тұрғындардың көпшілігі әлі күнге дейін шекаралық аймақта болу ережелерін білмейді, - дейді Шекара қызметі департаментінің ақпарат бөлімінің офицері Өмірбат АЙТӘЛІ. – Ереже қарапайым: құрлықтағы немесе теңіздегі мемлекеттік шекарадан 25 шақырым қашықтықта азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты немесе шекара қызметінің арнайы рұқсаты болуы керек.

Айнұр САПАРОВА

11 қараша 2021, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.