Атырау, 9 қазан 08:29
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырауда өрт оқиғасы едәуір көбейді

1 646 просмотра

10 қарашада Балауса ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде қазандық жарылып, салдарынан үш адам ауыр күйік алғаннан кейін ТЖ департаментінде брифинг өтті.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылған. Бұл жылу беру маусымы басталғалы бері бірінші рет болып отырған төтенше жағдай. Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысында 290 өрт оқиғасы болған (бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен бір есеге дерлік көп). Салдарынан 8 адам қаза тапты, оның 4-і бала, 14 адам күйік және басқа да дене жарақаттарын алды, оның ішінде үш бала бар. 

Құтқарушылар өрттің көпшілігіне адам факторы: электр жабдығын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу (161 жағдай), отты абайсыз қолдану (66), пеш салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу ( 25), балалардың тентектігі (11) себеп болған дейді. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 қараша 2021, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.