Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 16 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, ал Исатай мен Жылыой аудандарда - 2, Құрманғазы ауданында - 4 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 16 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 27 адам емделді.
Қазір 154 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 97, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 16. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 39 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.