Атырау, 9 қазан 08:16
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жөндеу жұмыстары неге кешігіп жатыр

2 043 просмотра
Сурет: primeminister.kz

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жөндеу жұмыстары неге кешігіп жатқаны аталды. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы Tengrinews.kz басылымына берген сұхбатында жоба туралы айтты.

2015 жылы Қазақстандағы басым жобалардың бірі Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланды. Бұл жолдың бір бөлігі - Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі 277 шақырымға созылған тасжол. Алайда оның жөндеу жұмыстары тек 2019 жылы ғана басталып, тек 60 шақырымында жұмыс жүріп жатыр: шекарадан Құрманғазы ауылына дейін.

"Бүгінде 20 шақырым жол қайта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 257 шақырымында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 217-сі Еуропалық қайта құру және даму банк несиесі, ал 40-ы республикалық бюджет есебінен өтелуі тиіс.
Қазір шекара мен Ганюшкино ауылы (Құрманғазы – ескерт.) аралығындағы 40 шақырым жол жұмысы жүріп жатыр. Негізінде, барлық асфальт-бетон жұмыстары аяқталып, жеті көпірде өткел бекітілді. Көпірдің төселуіне небәрі бір шақырым қалды. Бұл учаскені жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Мүмкін ауа райы қолайсыздығынан, таңбалау мүмкін болмағандықтан және т.б. себептерден уақытылы аяқтай алмауы мүмкін. Бірақ мердігерде мерзімді аздап ұзартуға негіз бар, себебі пандемия болып, жұмысшылар ауырып, құрылыс материалдарын жеткізу кешіктірілді", - деді "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов.

Оның айтуынша, Құрманғазы ауылынан Атырауға дейінгі қалған 217 шақырым жолдың құрылысы былтыр ғана басталған. Бұл сегмент төрт бөлімге бөлініп, әртүрлі компанияға берілген.

"Үнемі сынға түсетін 217 шақырымдық учаскеде жолақты, астыңғы қабатты және жоғарғы қабатын, сондай-ақ құбырларды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда топырақ қорларындағы үш аймақта гипс, хлорид және сульфаттардың жоғары мөлшері анықталды. Бұл Каспий бассейнімен байланысты. Сондықтан жобаға түзетулер енгізу қажет болды, өйткені үстіңгі қабатқа цемент қолданылуы керек еді. Ал зертханалық талдау нәтижесі бойынша гипс, хлорид және сульфаттардың цементпен реакциясы нәтижесінде ісіну болады. Демек, бұл асфальтты көтеріп жіберуі мүмкін", - деді Ұлттық компания өкілі.  

Жұмабеков осы себептерге байланысты жолшылар бірнеше ай уақытын жоғалтып, жол салу жұмыстарын жалғастыра алмайтынын айтты. Сонымен, биыл сәуірде инженерлер зертханалық талдаудан кейін жол жамылғысының дизайнын өзгерту туралы бұйрық берді. Одан әрі тамыздың ортасында ғана ЕҚДБ-дан құрылыс материалдарын ауыстыру үшін қосымша қарызға мақұлдау келді. Содан кейін мердігер ұйым жоба бойынша ішкі келісімдерін өткізген.

Сондай-ақ, ол Атырау-Астрахань тасжолындағы айналма жол учаскелеріндегі шаңға да тоқталды.

"Өкінішке қарай, аймақтың климаты тұрақсыз: қанша суарсаң да, шынымен-ақ шаң бар. Бірақ жылдамдықты сақтамайтын жүргізушілер де бар", - деді "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.


11 қараша 2021, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.