Атырау, 21 желтоқсан 14:11
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

Сурет
2 041 просмотра

Ақтөбеде 2008 жылғы және одан кіші балалар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Мұнда атыраулық жас спортшылар алтын, күміс және қола алқалар жеңіп алды.

50 метр қашықтықта арқамен жүзу бойынша Дарья Чеснокова (32,94 секундта) мәреге бірінші жетті. Құтлумұрат Әлихан еркін жүзуде 100 метрге 1.00.04-те жетті – бұл күміс алқа үшін жеткілікті болды. Жарыс соңына таман атыраулық төрттік (Қ.Әлихан, Богдан Кокорев, Аманбай Арман және Давид Сафронов) эстафетада үшінші нәтиже көрсетті.

Спортшыларды бапкерлер Иван Галкин, Жарас Асайнов және Нұрлан Жұмағазиев жаттықтырды. 

* * * * *

Алматыда жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстан кубогы өтті. 94 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Өтепберген Аманбек күміс жүлдегер атанды.

Павлодар және Семей өкілдерімен өткен жекпе-жекте жеңіске жеткенімен, шешуші айқаста алматылық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Аманбекті «комбат» бойынша ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Тыныс Бисалиев жаттықтырады. 


* * * * *

Өңірлік дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен «Атырау» ДСК-де «Jas Sarbaz» облыстық әскери-спорт эстафетасы өтті.

Оған 10-11 сыныптарда оқитын «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері – Атырау қаласы мен аудандардан барлығы 10 команда қатысты. Эстафеталық бағдарламада кедергілерден өту, Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру, газ тұтқыш қорғаныш костюмін кию қамтылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Жылыой ауданы, 2-орынды Индер ауданы, 3-орынды Қызылқоға ауданы мен Атырау қаласының №27 орта мектебі өзара бөлісті. 


* * * * *

БАӘ астанасы Әбу-Дабиде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Турнирге 65 елден мың жарымнан астам спортшы қатысты. Айбар Есенғалиевтің жетекшілігімен Атырау облысының командасы бір алтын, 4 күміс алқа жеңіп алды.

56 келіге дейінгі салмақта Жеңіс Нұрлыбаев чемпион атанды. Аружан Қуанышқызы (U18, 44 келіге дейін), Абай Абатбаев (U18, 50 келіге дейін), Азамат Әбуов (U16, 55 келіге дейін) және Бейбарыс Жұмабаев (U16, 42 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. 


* * * * *

«Атырау» ФК жастар құрамасы Екінші лига чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ең көп доп соққан Мұқағали Пангерей мен Ерасыл Аманжолдың әрқайсысы 8 голдан салды.


* * * * *

Нұр-Сұлтанда Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық бүркітшілер фестивалі өтіп, оған 12 облыстан командалар қатысты. 

Атыраулық Сармат Абдулкаримұлы үздік сұңқар салушы атанса, Арман Қошқаров қаршыға салудан екінші болып, бүркітшілер сайысында қола жүлде алды.

 

* * * * *

Ақтөбеде Б.Ақшолақовты еске алуға арналған 23-ші халықаралық бокс турнирі өтті.

Қола жүлдені атыраулық ауыр салмақты Аманат Сабырғали жеңіп алып, «Үздік техникасы үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды.

10 қараша 2021, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.