Атырау, 5 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Лаборант» жалдамалы пәтерді есірткі жасайтын шағын цехқа айналдырған

2 136 рет қаралды

5 қарашада Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жалдамалы пәтерде синтетикалық есірткіні дайындаумен айналысып жүрген 27 жастағы азаматты ұстады. Химияның қыр-сырын жақсы меңгерген азамат пәтерді зертханаға айналдырған.

Тінту кезінде одан әртүрлі «өндірістік» құралдар – колба, прекурсор, дозаларды бөлшектеп қалталауға арналған құрылғылар тәркіленді.

- Сараптама қорытындысына сәйкес, ол ауыр «Альфа РVР» синтетикалық есірткі затын дайындаған. 300 грамм табылып, тәркіленді, - деп хабарлайды баспасөз қызметі. - ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз дайындау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жалпы жыл басынан бері Атырау облысында синтетикалық есірткі сату фактісі бойынша БҚО, Қостанай, Ақтөбеден 13 «кепілгер» және Өзбекстан Республикасының 1 азаматы ұсталды. Заңсыз айналымнан 1 кг 700 грамм алып тасталды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

10 қараша 2021, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.