Атырау, 9 қазан 08:19
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Вакциналау: жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің кезегі келді

1 360 просмотра

Атырау облысында 76 мың әйел мен балаға Pfizer препараты егілуі керек. Бұл вакцинаның бірінші партиясы бізге қарашаның соңына дейін жеткізілуі тиіс, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ресми деректерге сүйенсек, өңірімізде 12 мен 18 жас аралығындағы 63 138 бала, сондай-ақ 35 362 жүкті және бала емізетін әйелдер тұрады. Олардың жалпы санының 70 пайызы, яғни 76 635 адам (қалғандарының қарсы көрсетілімдері бар) вакцина алуы керек. Олар үшін өңірге Pfizer вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінің 153 270 дозасы жеткізіледі. Оны сақтауға арналған екі тоңазытқыш камерасы дайын.

Еске сала кетсек, қарашаның басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері өңірімізге келіп, халықты Pfizer вакцинасымен иммундау тәжірибесімен бөліскен еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қараша 2021, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.