Атырау, 9 қазан 08:24
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Құрманғазы пойызы Атырауға енді таңда келеді

1 649 просмотра

17 тамызда жүре бастаған «Атырау Д.Нұрпейісова атындағы станса» бағытындағы пойыздың жүру кестесі тұрғындардың сұранысына орай өзгертілді.

Бұрын олар Атырау стансасынан Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де қозғалып, кері «Д.Нұрпейісова ат. станса – Атырау» бағытына 19.42 сағатта қозғалып, облыс орталығына түн ортасында, ыңғайсыз уақытта жететін. Енді пойыз құрамы жергілікті уақытпен Атыраудан 18:10-да шығып, Д.Нұрпейсова бекетіне 00:36-да келеді. Кері қайту уақыты Д.Нұрпейсова бекетінен 01:16-да шығып, Атырауға таңғы 07:39-да келеді.

- Құрманғазы, Исатай аудандарының тұрғындары облыс орталығына қандай да бір шаруаларымен келеді. Оларға күндізгі уақыт қолайлы. Сондықтан, жолаушылардың ұсынысын ескеріп, «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісе отырып, пойыздың жүру уақыты өзгертілді, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат АЙТҚАЛИЕВ.

Тағы бір өзгеріс – пойыз құрамында санитарлық талапқа сай 208 орынға арналған 4 плацкарт вагон бар, ал жалпы вагон қарастырылмаған.  Алғашында тек үш вагон болған еді - екі жалпы және бір плацкарт вагоны.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қараша 2021, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.