Атырау, 9 қазан 08:20
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 20 адам Covid-19 жұқтырған

1 607 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 20 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 15 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды, ал Исатай мен Құрманғазы аудандарда 2 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 45 адам емделді.

Қазір 150 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 93, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 41 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

10 қараша 2021, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.