Атырау, 25 сәуір 11:07
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Балам тірі қалуы мүмкін еді»

1 648 просмотра

Атырау тұрғыны Сергей ПИСАРЕВ жедел жәрдем фельдшерлерін өз міндеттерін дұрыс орындамады деп айыптайды. Еске сала кетсек, 30 қазанда Балықшыдағы өз үйінде оның 10 жасар ұлын тоқ соғып, қайтыс болған еді. С.Писаревтің айтуынша, жедел жәрдем келгенше ол тірі болған, бірақ дәрігерлер БАҚ-та баланың оқиға орнында қайтыс болғанын хабарлапты. 

Сергей Писаревтің үш баласы бар. Дәлірек айтсақ, үшеуі болды... Сол қайғылы оқиға болған күні әйелі перзентханада үшінші баласын босанып жатқан, ал өзі Бесіктіге жұмысқа кеткен. Әжесімен үйде қалған 10 жастағы Наиль жасырынбақ ойнап, тоңазытқыштың артына тығылған, оны сол кезде тоқ соққан. Әжесі дереу жедел жәрдем шақырып, жасанды тыныс алдыруға кіріседі. Ол тыныс алып жатқан.

– Біздің үйде болған оқиғаның бәрін көршілер көрді. Жедел жәрдем тез жетіп, медиктер сәбиді әжесінің қолынан алып, көлікке қарай жүгірген. Массаж жасамаған, оттегі бермеген. Олар ұлымды алып кетті, бірақ өлі күйінде кері әкелді. Содан кейін полиция шақырып, олар мәйітін мәйітханаға алып кетті. Мен мәйітті союға қарсы болдым, бірақ олар сойылмайды деп алдады, іс жүзінде сол жерде сойыпты, - дейді Сергей Писарев. – Ал бұл жерде бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болды деп өтірік айтылды. Неге олай дейді? Өз қызметкерлерінің кәсіби тұрғыда теріс әрекеттерін жасыру үшін жасап отырғанына сенімдімін. Мен қанішер емеспін, бірақ жедел жәрдем дәрігерлерінің өз біліксіздігі үшін жауап беруін талап етемін. Егер олар бәрін дұрыс істесе, балам тірі қалар ма еді... Полиция департаментіне арыз жаздым, олардың заң бойынша жазаланғанын қалаймын.

Облыстық жедел жәрдем станциясы «АЖ» тілшісіне қазір С.Писаревтің арызы полицияда қаралып жатқанын, ешқандай түсініктеме берілмейтінін айтты. Балықшыға шақыртуға барған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. 

Фархат АБИЛОВ

9 қараша 2021, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.