Атырау, 9 қазан 08:24
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында қанша адам бар, қаншасы екпе алды

1 824 просмотра

Соңғы санақ деректері бойынша, Атырау облысында 665 360 адам тұрады. Санақтан 297 839 адам немесе облыс халқының 45 пайызы онлайн-режимге, 367 521 (55 пайызы) оффлайн режимге өтті, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Желтоқсан айындағы ұлттық халық санағын өткізу жоспарына сәйкес алдын ала қорытындылар: қала және ауыл халқының саны және республика мен өңірлер жағдайында халықтың гендерлік құрамы туралы мәліметтер жарияланады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өз кезегінде облыста 365 760 адам екпе алуға тиіс екенін хабарлады. 7 қарашадағы ахуал бойынша 220 мың, яғни шамамен 61% тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы толық екпе алған. Олардың арасында 7,6 мың медицина қызметкері, 5 мың құқық қорғау қызметкері, 14 мың педагог, 6033 студент бар. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қараша 2021, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.