Атырау, 9 қазан 08:16
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырауда нан 5-10 теңгеге қымбаттады

1 492 просмотра

Осы демалыс күндері Атырауда әлеуметтік нанның бір бөлкесі 90 теңгеден 95 теңгеге дейін қымбаттаса, азық-түлік дүкендерінде 1-сұрыпты нан 100 емес, 110 теңгеден сатылып жатыр.

Шенеуніктер негізгі өнім бағасының өсуін тежеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсадық, бірақ бидайдың, тиісінше, ұнның бағасы әдеттегідей көтерілген соң бұл мүмкін болмай қалды дейді. 

- «Атырау» ӘКК «Желаев» АҚ-мен 1-сұрыпты ұнды 165 теңгеден сатып алуға келісімшарт жасады. Ал осы қараша айына дейін баға 155 теңге болды. Маусым айында электр энергиясының құны бір кВт/сағ үшін 16,54 теңгеден 26,21-ге дейін, яғни 27 пайызға өсті. Сондай-ақ жанар-жағармай және тасымалдаушы қызметінің құны да өсті. Облысымыз Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2022 жылға 25 мың тонна бидайға өтінім берді. Қазіргі таңда 1-сұрыпты ұн бағасының қымбаттауына байланысты қаладағы 9 наубайханада әлеуметтік нанның бір бөлкесінің құны 105-110 теңге болып отыр, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ. 

Еске сала кетсек, соңғы кездері 1-сұрыпты ұн бағасы көтерілді:

- «Другая мука» 140 теңгеден 172 теңгеге – 22,5%-ға қымбаттады; 

- «Царь» 155-тен 176-ға дейін (13,5%); 

- «Жанбота» 130-дан 160-қа дейін (23%); 

- «Корона» 155-тен 167-ге дейін (7,7%); 

- «Атбасар» 165-тен 171-ге дейін (3,6%); 

- «Желаев» 155-тен 165-ке дейін (6,4%); 

- «Белес» 144-тен 152-ге дейін (5,5%). 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қараша 2021, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.