Атырау, 9 қазан 08:29
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Құлсарыдағы полиция бөлімі азаптау абақтысына айналды ма?

1 791 просмотра

Жылыой аудандық сотында күдіктіні азаптады деп айыпталған екі полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Күдіктіні азаптаған «тәртіп сақшылары» былтыр Джордж Флойдтың мойнын қатты жерге тізесімен басып, тұншықтырып өлтірген америкалық полицейдің әдісін көшіріп жатқанын білді ме екен? Неғайбыл-ау.

Тергеу мәліметтері бойынша, оқиға желісі мынадай. Биыл наурыз айында Құлсары қаласындағы кәсіпкер әйелдің үйінен 4 миллион 500 мың теңге және 1600 доллар жоғалып кеткен. Әйел аудандық полиция бөліміне жүгініп, содан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағының 1-бөлігі (Ірі көлемдегі ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Күдіктілердің қатарында жәбірленушінің ұлы да бар. Келесі күні АПБ-нің екі жедел уәкілі әйелдің үйіне келіп, ұлына өздерімен бірге аудандық бөлімге бару қажетін айтқан. Жігіт ештеңе білмейтінін және ұрлыққа қатысы жоқ екенін, тек адвокатпен баратынын айтады. Сол кезде полицейлер ұлына ешқандай талабым жоқ деп айқайлап, жіберуін өтінген анасына құлақ аспай, қолын қайырып, күштеп үйден алып кеткен.

АПБ-де жедел уәкілдер одан мықтап жауап алған. Алдымен қорқытып, кейін ұра бастайды. Бір кезде екеуі оның мойнын еденге аяғымен басып ұстайды. Жігіт қатты айғайлап, көмекке шақырады. Мұны басқа бөлімшедегі полицейлер естімеуі мүмкін емес, бірақ ешкім араласпайды. Мұның бәрі бірнеше сағатқа созылады.

Кейін жігіт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жүгінеді. Екі полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабының 2-тармағының 1-бөлігі (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған азаптаулар) және 362-бабының 4-тармағының 1 -, 3 – бөлігі («Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша тергеу жүргізілді. Енді іс сотта қаралып жатыр.

Фархат АБИЛОВ

8 қараша 2021, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.