Атырау, 23 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ішімдікке әуестігі түбіне жетті

1 496 рет қаралды

Атырауда 12 бөтелке виски ұрлаған күдікті ұсталды. Қала тұрғынының бұл қымбат ішімдікті жақсы көргені соншалық, сәл мүмкіндік болса, түрлі супермаркеттерден жымқырып кетеді екен.

2 қарашада сағат 21:00 шамасында 33 жастағы Атырау тұрғыны Алмагүл ықшам ауданындағы супермаркеттен жасырын түрде бір бөтелке виски алып кетпек болған. Бірақ ұсталып қалды. Тексеру барысында оның осы кезге дейін супермаркеттерден 11 бөтелке ішімдік ұрлағаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 187-бабының 2-тармағы («Бірнеше рет жасырын жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қараша 2021, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.