
№2 қалалық сотта «үлескерлер ісі» бойынша сот отырысы басталды. Атыраудың беделді ауданында өзен жағасындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысы бар зардап шеккендердің жалпы шығыны 111 миллион теңгеден асады.
Бұған дейін Жеңіс саябағы аумағында Жайық жағасынан тұрғын үй кешенін саламыз деп уәде берген компанияның екі топ-менеджеріне қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір ол сотта қаралып жатыр. Атырау облысы бойынша ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамбет МҮТӘЛИЕВТІҢ айтуынша, бұл Атырауда үлестік құрылыс нарығындағы алғашқы алаяқтық фактісі болып отыр. Компания тек жобалаумен айналысады және үлескерлерден қаражат тартуға құқығы, өз жерлері болмаған. Екі айыпталушы да өз кінәсін мойындамай отыр. Келесі сот отырысы 11 қарашаға белгіленген.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
В Атырау 0