Құрманғазы ауданында коронавирус екпесіне қатысты жалған құжат жасатқан әкімдіктің екі қызметкері анықталып, істері сотқа жіберілді.
Ауданда мекемлеттік қызметкерлерге коронавирус вакцинасын алу керектігі жөнінде нұсқама берілді, бағынсабаң жұмыстан шығарады – әйтпесе олар қылмыс жасамас еді. Қалайда екпені алғысы келмеген екі мемлекеттік қызметкер, бірі аудан әкімі аппаратының 30 жастағы бас маманы, екіншісі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 36 жастағы бас маманы Ақтөбе және Түркістан облысынан вакцинацияның жалған паспортын алады. Бірақ көп кешікпей бұл қадамдары әшкере болып, оларға қатысты ҚР ҚК 385 бабы 3-ші бөлігімен («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») қылмыстық іс қозғалып, тергеліп, іс сотқа дейін жетті.
Құрманғазы ауданының соты олардың бұрын сотталмағанын, өз істеріне шын өкінетінін ескеріп, әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде, яғни 43755 теңге айыппұл салуға үкім етті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА