Атырау, 9 қазан 08:19
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 15 адам Covid-19 жұқтырған

1 382 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 15 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 9 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, ал Жылыой ауданында - 2, Исатай ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 3 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 7 адам емделді.

Қазір 222 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 97, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда - 21. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 43 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

8 қараша 2021, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.