
3 қарашада Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеді: 2019 жылы бір әйел Береке ықшам ауданынан бюджет бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмектесемін деп, 1 миллион 350 мың теңгені алып кетіп, көзден ғайып болған.
Жедел іздестіру жұмыстары барысында полицейлер 32 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Осыған ұқсас фактілер бойынша оның үстінен 11 адамның шағымданғаны белгілі болды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағының 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау 0