
Атыраудағы №2 облыстық аурухананың қабылдау бөліміне соңғы 5 күнде 550 пациент жүгінсе, олардың барлығы дерлік жедел респираторлық вирус инфекциясы белгілері бар балалар.
Атырауда ЖРВИ-мен ауыратын балалардың саны артып келеді. Бүгінде ауруханада 130 пациент емделуде, оның ішінде 69-ы 1 жасқа дейінгі балалар, 39-ы 3 жасқа дейінгі балалар және 11-і жүкті әйелдер.
- Кішкентай балалар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар адамдар міндетті түрде тұмауға қарсы екпе алуы керек. Өйткені осы әлеуметтік топтарда ауру өте ауыр өтеді, – дейді №2 облыстық аурухана директорының орынбасары Надя ЕРҒАЛИЕВА.
Вирусологиялық сараптама нәтижесі бойынша науқастардан «А» типті тұмау анықталды, ол үнемі ауыр түрде өтеді. Дәрігерлер ЖРВИ-дің алғашқы белгілері анықталған жағдайда үйде оқшауланып, учаскелік дәрігерді шақыруға кеңес береді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
В Атырау 0