Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Шухрат Садиковты ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі қызметінен босатты. Бұл туралы министрлік сайтындағы хабарламада көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өзбекстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес Өзбекстан Республикасының ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Шухрат Мұхамаджанұлы Садиков қызметінен босатылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Gazeta.uz сайты мәліметінше, премьер-министрдің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Олимжон Умаров та отставкаға кеткені туралы ақпарат расталған. Ресми түрде отставкаға кету себептері аталмаған.
Айта кетейік, бұған дейін Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді "біржақты және ойластырылмаған" деп атаған болатын.