Атырау, 9 қазан 09:35
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атыраулық өрт сөндірушілер Геологта болған өртте нашар жұмыс істегендерін жоққа шығарады

Сурет
1 784 просмотра

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Асқат ЕРЖАНОВ әлеуметтік желіде тараған 30 қазанда өрт сөндіру көліктері шақыртуға кешігіп келіп, сулары аз болды деген мәлімдемені жоққа шығарды.

Өрттен зардап шеккендер Геолог ықшамауданындағы гаражы бар үйдің өртке қарсы қызметтің шабандығынан түгі қалмай өртеніп кеткенін алға тартады. Үй иесі Нұрлыбек ЖҰМАХМЕТОВ Facebook желісіндегі парақшасында: «Өрт сөндірушілер кеш келді, тіпті суы да болған жоқ» деп жазды.

- Біз уақытша үй-жай иесінің өрт сөндіру қызметін басты кінәлі етіп қойғанына наразымыз, - дейді А.Ержанов. - Машинаның тактикалық-техникалық мүмкіндігін бәріміз де түсінеміз. Оның сыйымдылығы 5-7 тонна сумен шектелген, бұл 3-4 минут үзіліссіз су беруге жетеді. Көпшілікте өрт сөндірушілер сусыз келгендей әсер қалады. Ұзақ кешігуіне келетін болсақ, қоңырау 112 бірыңғай байланыс орталығының пультіне сағат 01.45-те түсті, біздің өрт сөндірушілер 01.58-де келді. Біздің өрт сөндіру бөлімі мен Геолог арасындағы қашықтықты ескерсек, бұл өте жылдам. Айта кетейін, ол жерде кіреберіс жолдар жоқ, өйткені бұл үй саяжайлардың жанында орналасқан. Бірақ ең басты себебі - азаматтың өзі өртті кеш анықтап, бізге кеш хабарлаған.

Асқат Ержанов

Апаттың алдын ала болжамды себебі - гараждың электр қалқанындағы қысқа тұйықталу. Бүгінде материалдар қалалық полиция бөліміне беріліп, өндірісте жатыр. Бірінші бөлімше жеткенде, өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт уақытша үй-жай мен гаражды толығымен шарпып, өрт көрші үйдің екінші қабатына өршіп үлгерген.

Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысының орынбасары Тілекқабыл ДОСМАҒАНБЕТОВ өз кезегінде өртті сөндіруге 4 техника қатысқанын, әрқайсысында 6 тоннадан су болғанын айтты. Гаражбен бірге ғимараттағы өрттің аумағы 168 метрді құрады. Өрт бірнеше метр жерде орналасқан көршілерінің үйін шарпыған – онда екінші қабаттағы 30 шаршы метр болатын бөлме мен бірінші қабаттағы ас үй жанып жатты. Мансардты үйдегі өрт ауыздықталды. Барлық көлікте су толық болды. Геологта ең жақын өрт гидранты өртеніп жатқан үйден шамамен бір шақырым жердегі Қ.Сәтпаев атындағы мектептің қасында орналасқан. Ал онда су қысымы төмен болды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Автор түсірген және Нұрлыбек ЖҰМАХМЕТОВТІҢ парақшасынан алынған суреттер

5 қараша 2021, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.