Атырау, 9 қазан 10:33
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Алаяқ WhatsAp желісінде өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, бір жарым миллион теңгені иемденген

1 836 просмотра

ПД хабарлағандай, 2 қарашада Атырау қаласының 29 жастағы тұрғынына белгісіз біреу WhatsApp желісі арқылы өзін Халық банкінің қызметкерімін деп таныстырып, оның банк шотынан біреудің несие рәсімдеп жатқанын хабарлап, бұл әрекеттің алдын алу үшін жеке мәліметтеріңіз керек дейді. 

Содан кейін алаяқ зардап шегушінің жеке мәліметтерін пайдаланып, 1,5 млн теңгені иемденген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті - 33 жастағы Алматы облысының тұрғыны анықталып, ұсталды.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-тармағының 4-бөлігі («Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Атыраулық полицейлер тұрғындарға жеке деректерін құпия ұстауға және банктегі жеке есепшоттарын тексеру үшін банктің call орталықтарына қоңырау шалуды сұрайды! 

Айнұр САПАРОВА

 

4 қараша 2021, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.