Атырау, 9 қазан 10:25
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Танымал суретші Әділқайыр Жантасов өмірден озды

2 043 просмотра

Бүгін, 4 қарашада, 63-ке қараған шағында танымал суретші Әділқайыр Жантасов өмірден озды.

Ол 1958 жылдың 20 наурызында Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы суретшілер училищесіне түсіп, «Қолөнер» факультетін 1981 жылы үздік бітіріп шықты. 1981-1986 жылдары Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқыды.

ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, «ҚР Блім беру саласының үздігі». 1994-1996 жылдары Суретшілер одағының Атырау облыстық ұйымының төрағасы қызметін атқарды.

1996 жылдан бері Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында оқытушы болып еңбек етті.

2001 жылы ҚР Президентінің алғыс халымен марапатталды. 2002 жылдан 2009 жылға дейін Венеция мен Миланда өткен шеберлік курстарына қатысты. 2016 жылы Астанада өткен халықаралық биенналеде қатысты.

Отбасы мен ағайын-туғандарына көңіл айтамыз. 

4 қараша 2021, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.