Атырау, 9 қазан 10:21
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қызылқоға ауданындағы баспана мен жер мәселесі қалай

2 356 просмотра

Қызылқоға ауданында жер мен тұрғын үй сұрап арыз бергендердің саны көп. 31 мың халқы бар ауданда 417 адам үй кезегінде тұрса, жер теліміне өтініш бергендер саны 2509-ға жеткен.

Бұдан бірер жыл бұрын бюджет қаржысынан көп балалы отбасыларға арнап Миялы,Сағыз, Мұқыр ауылдарынан 30 тұрғын үй пайдаланылуға берілген – кезек баяу қозғалады. 

- Шындығында тұрғын үй мәселесі аудандағы ең өзекті мәселе болып тұр. Айта кету керек, бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Аудан орталығы Миялыдан 60 пәтерлік 3 қатарлы үй салудың жобалық сметасы жасақталып, сараптамадан өтіп тұр. 1 млрд 500 млн теңге бағаланған бұл құрылыс жұмысы таяу арада басталады. Тағы бір 60 пәтерлік үйдің жобасы жасақталуда, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ. - Миялыдан 276, Сағыздан 225 адамға жер телімі беріледі. Су, газ, тоқ жүйелерін жүргізу жұмыстарын биыл бітіру көзделуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қараша 2021, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.