Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құрбысынан 54 миллион теңге ұрлап кеткен

1 691 рет қаралды

Атырау қаласының 45 жастағы тұрғыны бір апта қалада болмаған кезінде пәтерінен 54 миллион теңгенің жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған.

Оқиға орнын тексеріп, бейнебақылау камерасының жазбаларын зерделеген полицейлер үй иесі болмаған кезде пәтерге ешбір бейтаныс адамдардың кірмегенін анықтады. Ал үй иесі кеткенше оның үйіне бірнеше рет келген жәбірленушінің 42 жастағы құрбысы басты күдікті болды. Тергеу барысында күдіктінің Алматыға ірі көлемдегі ақшамен барғаны анықталды. Оны ұстаған кезде полицейлер әйелден 36 миллион теңгені тәркіледі. Әйел өз кінәсін толық мойындады.

Бұл қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 

3 қараша 2021, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.